Шенеуніктер бюджет қаржысына қатысты құжатқа қол қоймауға тырысады – Айгүл Шайымова
Ұжымдық жауапкершілік ұжымдық жауапсыздықты тудырады
Бүгінде шенеуніктер құжаттарға, әсіресе бюджет қаражатына қатысты құжатқа қол қоймауға тырысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлімдеді.
Оның айтуынша, құжатқа қол қоймас үшін шенеуніктер түрлі себепті алға тартады екен.
«Соның нәтижесінде «қандай жағдайда болса да» қол жинау басталады, олардың кейбіреуі мүлдем қажет те емес. Бұл жауапкершіліктен құтылу үшін жасалады. Ұжымдық жауапкершілік ұжымдық жауапсыздықты тудырады.
Сондықтан бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыру және дербестігін қамтамасыз ету мақсатында Жарлықта басқарушылық жауапкершілік қағидасы енгізілді. Ол бірқатар шара арқылы жүзеге асады. Демек, бүгінде мемлекеттік органның заң жүзінде бекітілген өкілеттігі болмаса, ол шешілмеген мәселелер бойынша бұйрық шығара алмайды»,- дейді Айгүл Шайымова.