$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр 31 мың қазақстандық қаржы пирамидасының құрбаны болды

Былтырдан бері қаржы ұйымдарына қатысы бар 50 адам сотталды

Былтыр 31 мың қазақстандық қаржы пирамидасының құрбаны болды

Өткен жылы еліміз бойынша 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болған, оларға 54 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының өндірісінде осы санаттағы 65 қылмыстық іс бар, 3 мыңнан астам жәбірленуші танылған.

«138 адам (2021 және 2022 жылдары) қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 50-і сотталды, қалғандарына қатысты сот талқылауы жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын қаражатқа, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке (жеке үйлер, пәтерлер, жер учаскелері, көлік құралдары, кешендер және т.б.) тыйым салынды», - деді Санжар Әділов.

Айта кетсек, қабылданған шаралардың, соның ішінде сайттарды бұғаттау, ұйымдастырушыларды, филиалдарды, құрылымдық бөлімшелерді орнату бойынша шаралардың нәтижесінде 180-нен астам қаржылық инвестициялық компания мен фирманың қызметі тоқтатылған.

Серіктес жаңалықтары