$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Головкин мен Мурата жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Бүгін екі боксшы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Головкин мен Мурата жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сайтамада өтетін бокс кеші сенбі, яғни 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Қазақстандық бокс жанкүйерлері жекпе-жекті Qazsport және Qazaqstan телеарналарының тікелей эфирде тамашалай алады.  

Головкин мен Мұратаның жекпе-жегі шамамен сағат 19:00-де басталады.

Ал бүгін екі боксшы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Екеуі де орта салмақ лимитін орындапты – 160 фунт немесе 72,5 келі.

Бүгін 40 жасқа толып отырған қазақстандық бокс жұлдызы жекпе-жек алдында өткен баспасөз жиынында алдағы кездесуге қатысты ойын айтты.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады

«Маған мұндай мүмкіндік берілгеніне өте ризамын. Жапонияда болу мен үшін үлкен мақтаныш. Муратамен титулды жекпе-жек өткізгелі отырғаныма қуаныштымен. Риотаны адам ретінде қатты құрметтеймін. Жекпе-жекке дайындалуға жеткілікті уақыт болды, жақсы дайындалдық. Тамаша жекпе-жек өткіземіз. Әлемде жағдай шынымен қиын. Мұндай деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыру көп күш-жігерді қажет ететінін түсінемін, сондықтан промоутерлерге және осы шоуды ұйымдастыруға көмектескен Жапония үкіметіне алғыс айтамын. Осы кешті асыға күтіп жүрген жандардың үмітін ақтайтын жекпе-жек өткізгім келеді», – деді қазақстандық боксшы.

Айта кетерлігі, екі боксшы да ұзақ уақыттан бері рингке шықпаған. Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы желтоқсанда өткізсе, Мурата кейінгі рет 2019 жылы желтоқсанда жұдырықтасқан. 

 

Серіктес жаңалықтары