Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады

Azattyq Rýhy

Бүгін аты аңызға айналған боксшы 40 жасқа толды

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады
Фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Bort_01 Телеграм-каналына сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

«Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз, сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз. Табиғи талантыңыз бен еңбексүйгіштік қасиетіңіз спорт саласында зор жетістіктерге жетуге ықпал етті. Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін», – деп жазылған Президенттің құттықтау жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының шаршы алаңда ертең өтетін кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.