$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2020, 01:54
Жаңалықтар

Жамбыл облысында күн электр станциясын тонағандар 63 млн теңге залал келтірді

Станцияның бұрынғы күзетшілері 102 мың метр кабель ұрлаған

Жамбыл облысында күн электр станциясын тонағандар 63 млн теңге залал келтірді
Фото: inbusiness.kz

Жуалы ауданының полицейлері 63 млн теңге залал келтірген ұрлықты ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД хабарлауынша, оқиға 2019 жылы желтоқсан айында «Бурное-Солар 2» күн электр станциясының аумағында болған.

«Желтоқсан айының басында электр станциясының әкімшілігі 102 мың метр кабель ұрланып, 62,6 млн теңге залал келтірілгенін хабарлады», - дейді ПД өкілдері.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 18 бен 47 жас аралығындағы 4 адамды қамауға алды. Олар 2018-2019 жылдары «Бурное-Солар 2» күн электр станциясында күзетші болған.

«Ұсталғандар толығымен өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған мүлік иесіне қайтарылды», - деді ПД өкілдері.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары