Үш жасар баланы айуандықпен өлтірген қылмыскер қалған өмірін түрмеде өткізеді
Қайғылы оқиға 2019 жылы қыркүйек айында болған
Қарағанды облысының Бұрма ауылында 3 жасар баланы қатыгездікпен өлтірген 24 жастағы Игентай Сопыжанов өмір бойы бас бостанығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Балаға қатысты қылмыс үшін мұндай жаза Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Игентай Сопыжановқа «кәмелетке толмаған баланы ұрлау», «кепілде ұстау», «өлтіру» секілді 3 бірдей баппен айып тағылды.
Қайғылы оқиға өткен жылы 5 қыркүйекте болған. Баланы іздеу жұмыстарына 600-ден астам ерікті қатысқан. Полиция баланы үш күн іздеген еді.
Игентай Сопыжанов осыдан 4 жыл бұрын әйелдің туған әпкесін қарым- қатынастарына бөгет болғаны үшін өлтірген. Алайда 9 жылға сотталған ол мерзімінен бұрын босап келген. Ал үш жасар баланы өлтіруіне әйелдің полицияға жазған арызы себеп болған.