$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2020, 00:22
Жаңалықтар

Қостанайда қаза тапқан полицейдің отбасына бір бөлмелі пәтер беріледі

Бұған дейін олар пәтер жалдап тұрған

Қостанайда қаза тапқан полицейдің отбасына бір бөлмелі пәтер беріледі
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысының әкімдігі туыстарын өлтірмек болған маскүнемнің қолынан қаза тапқан Дархан Базарбаевтың әйелі мен төрт айлық баласына бір бөлмелі пәтер береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

18 қаңтар күні Қостанай облысы Тобыл қаласының тұрғындары полиция шақырып, оларды 28 жастағы туысы өлтіргісі келетінін айтқан. Оқиға орнына сержанттар Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов барған. Маскүнемді ұстамақ болғанда Базарбаев жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

«Алғашқы көмек көрсеттім. Дәрігерлер ерте келсе де, оған көмектесу мүмкін болмайтынын айтты. Пышақ оның жүрегіне тиген», - дейді Дархан Базарбаевтың қасында болған Сыздықов.

Дархан Базарбаев 21 қаңтар күні жерленді.

Серіктес жаңалықтары