$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алыс ауылдар тұрмақ, елорда маңында интернет жоқ − Мәжіліс төрағасы

Бағдат Мусиннің айтуынша, 2019 жылы 50 тексеріс жүргізілсе, былтыр 560 тексеріс жұмысы жүргізілген

Алыс ауылдар тұрмақ, елорда маңында интернет жоқ − Мәжіліс төрағасы
Фото: 24.kz

Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Наталья Дементьева шалғай елдімекендерде интернетке қосылу мәселесінің жолға қойылмағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«250 мың халқы бар ауылдарда интернет жоқ. «Қазақтелекоммен» байланыс жұмыстары жыл сайын кейінге қалдырылуда. Мектеп оқушылары онлайн ресурсқа қол жеткізе алмайды. Медициналық қызмет пен мемлекеттік қызметті алу мүмкін емес. Интернет барлық тұрғын үшін қашан қолжетімді болады?», - деп сауал жолдады депутат.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министі Бағдат Мусиннің айтуынша, 2019 жылы 50 тексеріс жүргізілсе, былтыр 560 тексеріс жұмысы жүргізілген.

«Тексеріс нәтижесінде операторларға 130 млн теңге айыппұл салынды. Бұл – өте аз ақша. Операторлардың дивиденттік базасын қарасақ қомақты қаражат тауып отыр. Алдағы уақытта айыппұл көлемін 10 есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Операторлар интернет орнаттық деген жерлерде, шын мәнінде, оның жоқ екенін көріп отырмыз», - деді министр.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, алыс ауылдар түгілі, Нұр-Сұлтан қаласының маңында да интернет жоқ.

«Цифрларды қуалаудың қажеті жоқ. Депутат Наталья Дементьева 250 мың адам деп айтты. Сіз оны 189 мың адам деп айтып жатырсыз. Қанша адам болса да, олар – еліміздің тұрғындары. Оларда қолжетімді интернет болуы керек. Сондықтан цифр қуалағанннан гөрі, нақты іске көшіңіздер. Шалғай ауылдар емес, елорданың маңайындағы ауылдарда да интернет жоқ. Мен оны жақсы білемін», - деді Ерлан Қошанов.

Серіктес жаңалықтары