$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АӘК тағайындау үшін 25 табыс түрі мен әлеуметтік төлемдер алынып тасталды

Бүгінде осындай көмек түрін 95 мың отбасы алып отыр

АӘК тағайындау үшін 25 табыс түрі мен әлеуметтік төлемдер алынып тасталды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялау үшін бюджетке қосымша 111 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты.

«Инфляция дәлізінің 8-ден 10%-ға өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақының мөлшерін тағы 4%-ға қосымша индекстеу жоспарланып отыр. Бұл барлық әлеуметтік төлемнің 9%-ға өсуін қамтамасыз етеді, ал ынтымақты зейнетақы 2021 жылмен салыстырғанда 11%-ға артады. Бұл өсім 4,2 миллион әлеуметтік жәрдемақы алушыны қамтиды», - деді вице-премьер.

Оның айтуынша, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелердің бірі – аз қамтылған отбасылардың жағдайы. Бүгінде осындай көмекті 95 мың отбасы алып отыр. 

«2020 жылы азаматтардың талап-тілектері ескеріле отырып атаулы көмекті тағайындау механизмі өзгертіліп, 25 табыс түрлері мен әлеуметтік төлемдер алынып тасталды. Көмек алушыларды еңбекке ынталандыру тәсілдері енгізілді. Егер еңбекке қабілетті азаматтар ұсынылған жұмыстан бас тартса атаулы көмек 6 айға тоқтатылады. Бұл атаулы әлеуметтік көмектің масылдыққа айналуын болдырмауға бағытталған. Сондықтан атаулы әлеуметтік көмекті басқа жәрдемақылармен салыстыруға болмайды. Атаулы көмек – табысы жан- жақты тексеріле отырып, тұрмысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға ғана тағайындалатын мемлекеттік қолдау», дейді Тоғжанов.

Серіктес жаңалықтары