$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде уақытылы қайтарылмаған қарыз сомасы 1 трлн теңгеден асты

Қазір қаржы ұйымдары несие беру талаптарын күшейте бастаған

Елімізде уақытылы қайтарылмаған қарыз сомасы 1 трлн теңгеден асты
Фото ашық дереккөзден

Елімізде банк алдындағы берешегін төлеуді кешіктіретіндер көбейіп барады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Мұндай тенденция кейінгі үш айда белең алды. Бірінші несие бюросының мәліметіне қарағанда наурыздың басында уақытылы қайтарылмаған қарыздың жалпы сомасы бір триллион теңгеден асқан. Бұл 2021 жылдың көктемінен бергі максималды көрсеткіш.

Қарызды қайтармай жүргендердің басым бөлігі – Халық банк пен Каспий банктің клиенттері. Қайтарылмаған қарыздың 40 проценті осы екі банктің үлесінде. Қазір қаржы ұйымдары несие беру талаптарын күшейте бастаған. Салдарынан несие тарихы жақсы азаматтардың өзіне бөліп төлеуге қарыз бермей жатқан көрінеді. FINANCE.kz басылымының мәліметіне қарағанда қаңтардан бері елде кепілсіз несие беру көрсеткіші 0,6 процентке азайды. Қарыз алушылардың азаюы 2018 жылдан бері алғаш рет тіркелді.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Несие #банк