$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелге ақша шығарғандар тексеріліп жатыр

Ақша аударылған мемлекет өкілдерімен келіссөздер жүргізіледі

Шетелге ақша шығарғандар тексеріліп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда шетелге шығарылған капиталды қайтару бойынша 5 жұмыс тобы құрылды. Қазір оның мүшелері қаражаттың көлемі мен қай елдерге жіберілгенін анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның арнайы комиссиясы шетелдіктермен жасалған келісім-шарттарды зерттеп, қаржыны заңсыз жолмен шығарған азаматтарды іздестіреді. Ақша аударылған мемлекет өкілдерімен келіссөздер жүргізіледі. Келешекте мұндай жағдайларға жол бермеу үшін валюталық бақылауды Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктеу ұсынылды. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, кәсіпкерлерді капиталды қайтаруға ынталандыру мақсатында бірқатар шара қолға алынбақ.

«Әр капиталдың өзінің шығу тегі бар. Әрбір капиталдың контракты бар. Заңды, заңсыз жолмен шыққаны бар. Арнайы премьер-министрдің басшылығымен комиссия жұмыс істеп отыр. 5 бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Негізінен біз бизнеске, инвесторларға дұрыс заңды жағдай жасауымыз керек. Капиталды қайтарамыз деп заңсыз шыққан. Заңды шыққан капитал болса, ішке келуге мүмкіндік жасауымыз керек. Ол капитал экономикамызға жұмыс істеуі үшін жағдай жасауымыз керек», - деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары