ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 140 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Australian Open: Кукушкин мен Бублик жеңілді, Путинцева мен Дияс келесі кезеңге өтті

Зарина Диястың келесі қарсыласы – ресейлік Анна Блинкова

Теннистен Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2020 турнирінде қазақстандық Михаил Кукушкин мен Александр Бублик қарсыластарынан алғашқы айналымда жеңілді.

Михаил Кукушкин алғашқы кездесуін аустралиялық Марк Полмансқа қарсы өткізді. Матч бес сетке созылып, (6-4, 6-3, 4-6, 6-7, 6-4) өте тартысты өтті.

Александр Бублтик те алғашқы кездесуін аустралиялық Джордан Томпсонға қарсы өткізіп, жарыс қожайыны 6-4, 6-3, 6-2 есебімен үш сетте де басым түсті.

Ал Мельбурнде Қазақстан намысын қорғап жатқан Елена Рыбакина мен Зарина Дияс алғашқы айналымда қарсыластарынан (Б.Пера және А.Анисимова – екеуі де америкалық) басым түсіп, келесі айналымға өтті. Юлия Путинцева Тайвань теннисшісі Сэ Шувейді 6:1, 6:3 есебімен ұтып, екінші кезеңде америкалық Д.Коллинзге қарсы шығады. Зарина Диястың келесі қарсыласы – ресейлік Анна Блинкова, ол WTA рейтингінде 58 орында.