05.04.2022, 18:03
Жаңалықтар
Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды
Ол бүгінге дейін Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарып келген
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибагаровтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат Айбек Қосуақов болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айбек Қосуақов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша және Қонаев атындағы көлік және құқық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
- Еңбек жолын 1997 жылы «Қаражанбасмұнай» компаниясында оператор ретінде бастаған.
- 2001-2004 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.
- 2004-2006 жылдары «Жазық» АҚ атқарушы директоры болды.
- 2007 жылдан 2020 жылға дейін «Таушық ауыл шаруашылығы» компаниясының басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
- 2020 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарды.
Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жаңа әкімге Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды