$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үй жанындағы дүкендерде азық-түлік бағасы біршама төмендетілді

Әлеуметтік азық-түлік тауарларының сауда үстемесін сақтауға қатысты 259 заңбұзушылық анықталды

Үй жанындағы дүкендерде азық-түлік бағасы біршама төмендетілді
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде еліміздегі сауда субъектілерінің шекті сауда үстемелерін сақтауы бойынша кешенді іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соңғы 3 аптада мониторингпен «үй жанындағы» дүкендердің 87%-ы, сондай-ақ республиканың қалалары мен аудандарындағы 122 көтерме және бөлшек сауда базарлары қамтылды.

«Тек соңғы апта ішінде бөлшек саудада, оның ішінде үй жанындағы дүкендерде профилактикалық бақылау шеңберінде әлеуметтік азық-түлік тауарларының сауда үстемесін сақтауға қатысты 259 заңбұзушылық анықталды. Түсіндіру жұмыстарынан кейін бизнес субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 4-15%-ға дейін төмендетті», - делінген Сауда министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ғана емес, басқа да өнімдерге баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды талдау және бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Бұл отандық тауар өндірушілер мен ауылшаруашылық азық-түлік тауарларын импорттаушылар арасында баға айырмашылығы байқалатын маусымаралық кезеңде өзекті. Мысалы, қазіргі уақытта қызанақтың бағасы түрлі бөлшек сауда орындарында әртүрлі. Бұл тауар өндірушілер мен импорттаушылардың сату бағаларының айырмашылығына байланысты», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарындағы диқандар үшін көтерме сауда бағасы килограммына 600-680 теңгеден 800 теңгеге дейін (сортына қарай) жетеді. Сауда желілерінде қазақстандық қызанақтың келісі 1000 теңгеден 1200 теңгеге дейін сатылады. Бұл ретте импорттық қызанақтың көтерме бағасы (Өзбекстан) 1400, ал бөлшек сауда желілерінде олардың орташа бағасы 1900 құрайды.

Серіктес жаңалықтары