05.04.2022, 13:37
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында екі жаңа аудан құрылады
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жария тыңдалымы өтті
Фото: ашық дереккөзден
ШҚО облыстық мәслихатының депутаттары құрылатын Абай облысына, сондай-ақ Ақсуат және Самар аудандарына атау беруге дауыс берді, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шығыс Қазақстанда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жария тыңдалымы өтті.
Жиынға қатысушылар Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына құрылатын Абай облысына, Ақсуат және Самар аудандарына атау беру туралы ұсыныс енгізуді талқылады.
Облыстық мәслихат депутаттары бұл шешімді бірауыздан қолдады.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
