Батыс Қазақстан облысында тасқын су салдарынан 108 бас мал қырылды

Azattyq Rýhy

Су басқан 141 тұрғын және 15 саяжай үйлері бақылауда

Батыс Қазақстан облысында тасқын су салдарынан 108 бас мал қырылды
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында тасқын су салдарынан 108 бас мал қырылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұған дейін сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында 172 үй су астында қалғаны туралы ақпарат берілген болатын. Комиссиялық тексерулерден кейін 99 үй су астында қалғаны анықталып, нақтыланды. Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде су тасқыны болды. БҚО Жәнібек ауданы Жақсыбай елді мекенінде су басу салдарынан 108 бас мал қырылды», - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 8 елді мекенде 184 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды. Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды.

 «841 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 430-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 411-і туысқандарында орналастырылды. Су басқан 141 тұрғын және 15 саяжай үйлері бақылауда», - деп атап өтеді министрліктен.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.