$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Головкин мен Мурата жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде тікелей көрсетіледі

Боксшылар орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар үшін жұдырықтасады

Головкин мен Мурата жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде тікелей көрсетіледі
Фото ашық дереккөзден

9 сәуір күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізеді. Жапонияның Сайтама қаласында өтетін жекпе-жек әлемнің 200-ден астам елінде тікелей көрсетіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Головкин – Мурата жекпе-жегін Қазақстанның қай телеарнасы көрсететіні әзірге белгісіз. Сондай-ақ DAZN трансляциясы Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Гонконг, Макао, Моңғолия және Филиппин елдерінде эксклюзивті болмайды.

Еске салайық, қазір Геннадий Головкин командасымен бірге Жапонияда жүр. Оны журналистер мен фанаттар әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды. Боксшылар орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар үшін жұдырықтасады.

 

Серіктес жаңалықтары