Ақтөбе облысындағы тергеу изоляторында сотталған адам қайтыс болды
ҚАЖ департаменті қызметтік тексеру тағайындады
Ақтөбе облысының тергеу изоляторында Қылмыстық кодекстің "тонау" бабы бойынша сотталған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның бұғын дейін де бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.
«Ол алғаш рет зорлау, екінші рет кісі өлтіру, үшінші рет бұзақылық жасағаны үшін сотталған. Сонымен қатар сот оған алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуді де тағайындады», - деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті.
Жедел жәрдем бригадасы сотталушының қайтыс болғанын және өлімнің алдын ала болжамы бойынша өз-өзіне қол салғанын айтады.
Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы келіп, материалды СДТБТ-де тіркеген.
ҚАЖ департаменті қызметтік тексеру тағайындады.