$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2020, 11:53
Жаңалықтар

Ақмола облысында бөлім басшысы алаяқтық бойынша сотталды

Көкшетау қалалық сотының үкімімен бұрын бөлім басшысы болып қызмет атқарған азаматқа 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Ақмола облысында бөлім басшысы алаяқтық бойынша сотталды

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұрын «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ егін шауаршылығы және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы Е.Ж.Бектұровқа қатысты жемқорлық қылмысын жасағаны үшін тергеу жүргізген.

«Ол «Агрофирма Жер 888» ЖШС өкілінен 2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидия беру мәселесін оң шешкені үшін 1 млн теңге көлемінде ақша қаражатын алдау жолымен иемденді деген күдікке ілінген болатын», - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

20 қаңтарда Көкшетау қалалық сотының үкімімен Е.Ж.Бектұров алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айрылды.

Серіктес жаңалықтары