20.01.2020, 23:48
Жаңалықтар
Алматы облысында 8 жастағы бала құдыққа құлап қаза тапты
Ол оқиға орнында көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысында 8 жастағы бала құдыққа құлап қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 19 қаңтарда болған. 2012 жылы туған ұл бала Жамбыл ауданы Ақтерек ауылының шетінде ойнап жүріп, суы бар ашық құдыққа құлап кетіп, оқиға орнында қаза тапқан.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бала құлаған тереңдігі екі метр құдық жұмыс істемейтін ескі сумен жабдықтау жүйесі екен.
ҚР ІІМ ТЖК ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді