ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 қаңтарда бірнеше облыста тұман түсіп, көктайғақ сақталады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 21 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

21 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, болуы ықтимал.

Петропавл қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, тұман түсуі де мүмкін.

Жақын арада, күн соңына дейін 20 қаңтар және тәулік бойы 21 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ сақталады. 21 қаңтарда күндіз облыстың басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман түседі.

Қостанай қаласында 21 қантарда қар жауып, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.