$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 1 адам көз жұмды

COVID-19 вирусын жұқтырған 37 адам ауыр жағдайда жатыр

Елімізде өткен тәулікте коронавирустан 1 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 26 наурыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 1 адам қайтыс болды.

26 наурыздағы мәлімет бойынша, 4 622 адам коронавирус инфекциясынан (–3 602+ және 1 020 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 516 пациент стационарда, 4 106 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 37 адамның жағдайы ауыр,

- 18 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 7 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 24 наурыздағы мәлімет бойынша 18 жаңа жағдай тіркелді, 9 адам емделіп шықты, өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 88 581;

- өлім жағдайы – 5 351;

- жазылып шықты – 82 210.

Серіктес жаңалықтары