Димаш Дубайда марапат алды

Azattyq Rýhy

Димашқа Emigala international Award марапаты табысталды

Димаш Дубайда марапат алды
Фото ашық дереккөзден

Димаш Құдайберген Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен EMIGALA Fashion Awards сән шарасында марапат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Burj Al Arab отелінде өткен EMIGALA Fashion Awards сән шарасында Димаш Emigala international Award марапатына ие болды.

«Бұл сыйлық үш негізгі идеяға бағытталған. Біріншісі – адам келбетінің мінезбен, мәдениетпен үйлесімі. Екіншісі – ұлттық нақыштағы сәндік образ арқылы өз-өзін айқындау. Үшіншісі – әр адамның ішкі «менін» ашу. Димаш Құдайберген қызыл кілемге әжелері Миуа мен Бибігүлді, EMIGALA Fashion Awards сән шарасының директоры доктор Мишель Дахерді ертіп шықты. Халықаралық деңгейдегі әнші ретінде Димашқа Emigala international Award марапаты табысталды. Ол бұл марапатты бала кезінде өзін музыкаға баулығаны үшін Миуа әжесіне арнайтынын айтты», - деп жазады Dimashnews.


 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.