25.03.2022, 23:59
Жаңалықтар
Ақтөбеде банк қызметкері Telegram арқылы тұрғынды алдап кетті
Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Ақтөбеде банк қызметкері Telegram арқылы тұрғынды алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
19 ақпанда белгісіз адамдар интернет ресурстарын пайдаланып, Telegram қосымшасы арқылы ақша айналдыру сылтауымен 21 жастағы банктердің бірінің менеджерінің ақшасын иемденген. Шығын 55 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлері қала маңындағы кенттің 18 жастағы екі тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер кінәсін мойындады.
ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
