Бүгін елордада 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Апат салдарынан бір адам дене жарақатын алды

Боран салдарынан елорда аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қатты боран соғып тұр. Таңертеңнен бері қала аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан бір адам дене жарақатын алды», - делінген ПД мәліметінде.
Осы орайда полицейлер көлік жүргізушілерін жылдамдық режимін қатаң сақтауға, көліктердің арақашықтығы талаптарын ұстануға шақырды.
«Сонымен қатар автокөлікпен қаладан тыс алыс сапарға шықпауға кеңес береміз. Қазіргі уақытта боранға байлагнысты барлық бағыттарда көлік қозғалысы шектелді. Жүргізушілермен қатар, жаяу жүргіншілер де сақ болғаны жөн. Өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін арнайы рұқсат етілген орындарда көшеден өтіңіздер», - делінген хабарламада.