Шымкентте жоғалған 12 жасар бала аман-есен табылды
Жасөспірімді іздеуге 150-ден астам полиция қызметкері мен еріктілер жұмылдырылды

Шымкентте жоғалған 12 жасар бала аман-есен табылды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент қаласы Еңбекші АПБ-на 23 наурызға қараған түні сағат 03:50-де 2010 жылы туған Даниил Тиссеннің жоғалып кеткені туралы хабар түскен болатын. Аталған жағдай бойынша Шымкент полицейлері баланың тұрған жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жасөспірімді іздеуге 150-ден астам полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ұл баланың аман-есен табылғандығын хабарлады.
«Ұл бала табылды. Шымкент полициясы барлық бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс білдіреді», - делінген хабарламада.