Алматыдағы Баум тоғайынан қару жасырылған орын табылды

Azattyq Rýhy

Аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр

Алматы полициясы

Алматыдағы Баум тоғайынан қару жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қару жасырылған орын туралы жедел ақпарат колония қызметкерлеріне келіп түскен.

«Біздің мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының әріптестерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында Успенский көшесінен 200 метр қашықтықтағы Баум тоғайынан түрлі оқ-дәрілер сақталған орын табылды. Көше оңтүстікте, ағаштың жанында. Аталған дерек Түрксіб аудандық Полиция басқармасында тіркелді. Тергеу жүріп жатыр, – деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/13 мекемесі басшысының орынбасары Шәкір Юнусов.

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бүлікшілер бұл орынға екі мылтық, револьвер, пышақ, Калашников автоматының патрондарын, Макаров тапаншасын, гранаталарды, оқ өтпейтін жилет пен полицияның жейдесін жасырған.  Қойманың ішінен табылған бөліктердің шынайы кімге тиесілі екенін қосымша тергеу анықтайды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.