$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзім украинмын, жүрегім қазақ деп соғады – алматылық студент жастарды патриот болуға шақырды

Ол қиын сәтте елден көшіп кететін отандастарын сынады

Өзім украинмын, жүрегім қазақ деп соғады – алматылық студент жастарды патриот болуға шақырды

Алматыда Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында митинг өтіп жатыр. Халықсалдына шығып сөз сөйлеген студент Ариана Белобжицкая халықты патриот болуға шақырды.

«Менің ұлтым – украин, бірақ жүрегім қазақ деп соғады! Себебі мен осы елде туып-өстім, білім алдым, достарымның барлығы дерлік қазақтар. Бүгінде сәл қиындық көрсе, шетелге кетемін деп шығатын жастар аз емес. Себебі олар «мемлекет маған не береді» деп масыл болуға даяр. Бірақ қазір «мен мемлекетке не беремін?» деген азаматтық сана қалыптасуы керек», - дейді екінші курс студенті.

Айта кетейік, аталған митингті «Аманат» партиясының Алматы қалалық филиалы ұйымдастырған. Басты мақсат – Мемлект басшысының Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау.

Серіктес жаңалықтары