Алматыда саяси реформалар бағдарламасын қолдауға арналған митинг өтіп жатыр

Azattyq Rýhy

Тәуелсіздік – бабаларымыздың арманы әрі аманаты

Алматыда саяси реформалар бағдарламасын қолдауға арналған митинг өтіп жатыр

Алматыда «AMANAT» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау үшін митинг өтті. Жиын Қазақстанның мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды.

Митингке «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов «AMANAT» қатысып, жұртшылықты Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

«Біздің бағытымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз – көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз. Өзге партиялар билікке жетуді көздесе, біз ең әуелі Тәуелсіз Қазақстанның мүддесі үшін жұмыс істейміз. Ардақты ағайын, Абай атамыздан қалған аманат сөз бар: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Сондықтан, күшіміздің бірлікте екенін көрсетіп, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Біз біргеміз!» – деді Асхат Оралов.

Жиынға ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді Әбжанов қатысып, қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын қолдауға шақырды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан бастамалар мен реформалар ҚР Конституциясында паш етілген құқықтық мемлекет құруға жол ашатынына сенім мол. Біз саяси модернизациялаудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. «AMANAT» партиясының дүниеге келгені осының көрінісі.

Тәуелсіздік – бабаларымыздың арманы әрі аманаты. Ал жаһандану тұсында арман мен аманат ақиқатқа айналу үшін елдегі ынтымақтан, келісімнен, кемел үнқатысудан артық дүние жоқ», - деді Ханкелді Әбжанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.