Алматы ауруханасында жарты жыл қараусыз қалған сәби әкесіне қайтарылды

Azattyq Rýhy

Алматы ауруханасында жарты жыл қараусыз қалған сәби әкесіне қайтарылды

Алматы ауруханасында жарты жыл қараусыз қалған сәби әкесіне қайтарылды
Фото: Instagram

Алматыдағы ауруханалардың бірінде жарты жыл қараусыз қалған екі жасар Тәңірберген әкесіне қайтарылды. Баланың әкесі Мейірбек Тілепбаев сот арқылы өзінің әкелік құқығын дәлелдеп, сәбиді ауруханадан алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Orda.kz порталына сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы екі жасар баланың оқиғасын Қазақстанға жариялаған куәгер Айдана Аллажарқызы айтты.

«Бүгін Тәңірберген үйіне қайтарылды. Енді оның жанында ата-әжесі мен аға-әпкелері болады. Ол үшін қуаныштымын. 

Өмірде бәрі қателеседі. Әркез не жасалса да, жақсылықпен бітсін. Бала тоқ, аман-сау және киімі бүтін. Туыстары да жақсы адамдар және оны жақсы көреді», - деп жазды Айдана.

Еске салсақ, ақпан айының басында екі жасар баланың оқиғасы желі кезіп кеткен болатын. Араға біраз уақыт салып, баланың әкесі мен әжесі табылған. Әкесі не себепті бала қараусыз қалғанын түсіндіріп берді. Бірақ баланың құжаттары болмағандықтан, ол балалар үйіне орналастырылған.

Оқи отырыңыз: Алматы ауруханасында 4 айдан бері іздеу-сұраусыз жатқан сәбидің әжесі табылды

Көпшілік бұл оқиғадан кейін баланың тағдырына алаңдаушылық білдірді. Адамдар оған 800 мың теңге жинап берген. Бірақ баланың әкесі одан бас тартқан.

«Сондықтан ақшаны Тәңірбергеннің атына депозит ашып, салып қоямыз деп шештік», - деп қорытындылады Айдана Аллажарқызы. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.