Шетелдік әскери дәрігерлер Қазақстанда білімін жетілдіреді
Қатысушылар курс барысында алған білімдерін өз елдерінде әріптестерімен бөлісетін болады
Алматыда Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әскери-медициналық қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясында іске асырылып жатқан шараны Жарылыс қаупі бар заттардың тәуекелін азайту жөніндегі кешенді ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығы ұйымдастырды.
«Бұл сабақтар әскери-далалық медицина саласында, оның ішінде жарылыс қаупі бар заттардан зардап шеккендерге жәрдем көрсету кезінде әскери дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Дәрістер мен практикалық сабақтарды тәжірибелі, жоғары білікті халықаралық нұсқаушылар өткізеді», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Қатысушылар курс барысында алған білімдерін өз елдерінде әріптестерімен бөлісетін болады.