$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет отырысында құрылыс саласы мен баспананың өзекті мәселелері қаралды

Бүгінде құрылыс материалдары бағасының тұрақтануы байқалады

Үкімет отырысында құрылыс саласы мен баспананың өзекті мәселелері қаралды

17 наурызда Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыста құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаев биыл Қазақстанда 15,1 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы күтіліп отырғанын айтты. Тұрғын үй жобаларын және жеңілдетілген несие беруді іске асыруға 492 млрд теңге, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға 1,4 трлн теңге бағытталады.

Сондай-ақ құрылыс материалдарының бағасының тұрақтануы байқалады, әсіресе, арматураның бағасы 3%-ға, газ блогының бағасы 3%-ға, шынының бағасы 17,6%-ға төмендеді», - делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бизнес қоғамдастықпен бірлесіп мемлекеттік сатып алу және коммерциялық тұрғын үйді дамыту бойынша жедел және жүйелі шаралар пысықталуда.

Негізінен құрылыс процестерін әкімшілендіру тетігін қарауға (құрылысқа рұқсат беру, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру және эскиздік жобаны келісу) және басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды.

Жедел штабтың келесі отырысы 21 наурызда өтеді.


 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Құрылыс #Үкімет