Оралда бюджеттен 399 млн теңге жымқырған шенділер сотталды
Тергеу барысында қаржы толық көлемде бюджетке қайтарылды
Оралда бюджеттен 399 миллион теңге жымқырған шенеуніктер сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттік мәліметінше, қылмыстық істе күдікті ретінде "Электромонтаж" АҚ бөлімшесінің директоры мен Орал қаласындағы құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Исманов танылған.
Бюджет қаржысы "Тұрғын үй ауданын электрмен жабдықтау" объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген болатын. Тергеу барысында олар толық көлемде бюджетке қайтарылды.
Екі күдікті сотталды.
"Орал қаласындағы құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Исманов мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, екі жылға сотталды, ал Сәрсенбаев Б. ұйымдарда және коммерциялық құрылымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырмай екі жылға сотталды", - делінген агенттік хабарламасында.