$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды

Қазіргі таңда заңсыз көші-қонның алдын алу жұмыстары жалғасуда

Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды
polisia.kz

Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұрғындарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында 10 наурызда “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шара барысында Еңбекші ауданында арнайы рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген 21 Өзбекстан Республикасының азаматы анықталып, олардың жеке бастарын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Шетелдіктердің жеке бастары анықталған соң, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылатын болады. Қазіргі таңда заңсыз көші-қонның алдын алу жұмыстары жалғасуда.

 

Серіктес жаңалықтары