Елордада екі адамды түлкі тістеп алды

Azattyq Rýhy

Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді

Елордада екі адамды түлкі тістеп алды
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында екі келіншекті түлкі тістеп алды. Зардап шегушілер дәрігерлерге жүгінген. Бұл туралы елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баспасөз қызметінің нақтылауынша, 8 наурыз күні түсте «Керуен сити» сауда үйінің аумағында әйелдің бірін түлкі жіліншігінен қауып алған.

«Сол күні екінші тұрғынды «Думан» қонақүйінің жағындағы аялдамадан орталық саябаққа қарай келе жатқанда түлкі қауып алған. Жануар тұрғынның аяғын тістеп алған», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, травматология бөлімшелеріндегі әйелдерге көмек көрсетіліп, аралас ем жүргізілді.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.