Светлана Айтбаева: Әрбір баланың әнге, күйге, өнерге әуес болып өскені тек жақсылық әкеледі

Azattyq Rýhy

Ол барша қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Светлана Айтбаева: Әрбір баланың әнге, күйге, өнерге әуес болып өскені тек жақсылық әкеледі

Әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева әрбір баланың өнерге әуес болып өскені тек жақсылық алып келетінін айта келе, нәзік жандыларымызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мен 23 жылға жуық мәдениет саласында қызмет етіп келемін. Өз мамандығымды жан-дүниеңді керемет әсерге, әдемілікке бөлейтін мәдениетпен байланыстырғаныма қуанамын. Меніңше әрбір баланың әнге, күйге, өнерге әуес болып өскені тек жақсылық әкелетін сияқты. Өмірдегі ең үлкен жетістігім – мамандығым, отбасым, балаларым деп санаймын. Сондықтан әр анаға, әрбір жанға дәл осындай бақыттың еселеніп бұйыруын тілеймін!», - деді әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева.

Ол көктемнің шуақты мерекесінде қыз-келіншектерге арнаған ыстық лебізін былайша жеткізді:

«Барлық аналарды, көктемдей құлпырған қыздарды, аруларымызды ең әдемі мереке – әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Балаларыңыздың тек қана қызық-қуанышына бөленіп, еліміздің мақтан тұтар азаматтарын тәрбиелеп, солардың жетістіктеріне марқайып, жүз жасаңыздар! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ол үшін әрбір ананың көңілі алаңсыз, түні тыныш, күні шуақты болсын!

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.