$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтарды азық-түлікпен қамту тұрақты түрде жүргізіледі – АШМ

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері жеткілікті

Қазақстандықтарды азық-түлікпен қамту тұрақты түрде жүргізіледі – АШМ
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандықтарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен (ӘМАТ) қамтамасыз ету жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Республика отандық өндіріс есебінен нан, ұн, макарон өнімдері, өсімдік майлары, картоп және көкөніс өнімдері, ет, қарақұмық жармасы, күріш, сүт және сүт өнімдері және тағы басқа азық-түлік тауарларының қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген.

"Азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өңірлердің тұрақтандыру қорларында азық-түлік тауарларының қажетті қорлары қалыптастырылды. Республиканың азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмысы мәселелері тұрақты бақылауда", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, жедел деректер бойынша республикада ағымдағы жылдың 4 наурызына 1,5 млн тонна ӘМАТ және 6,7 млн тонна азық-түлік бидайының қоры бар.

Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырады. Жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тапшылығының туындау тәуекелі жоқ екенін жеткізеді.

 

Серіктес жаңалықтары