06.03.2022, 13:21
Жаңалықтар
Матч кезінде «Астана Арена» стадионының төбесі құлады
Оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ
vesti.kz
Футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші турындағы "Астана" мен "Шахтер" кездесуінің екінші таймында стадион шатырының бір бөлігі құлап түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Жанкүйерлердің ешқайсысы зардап шекпегені хабарланды. Қауіпсіздік қызметі барлық жанкүйерлерді шатыр сынықтары құлаған N2 секторынан алып шықты.
"Астана Арена" – еліміздегі ең үлкен стадион. Стадионда Қазақстан құрамасының матчтары мен қазақстандық командалардың еуропалық жарыстардағы кездесулері тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Құрылыс құны шамамен 200 миллион долларды құрайды.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды