06.03.2022, 12:56
Жаңалықтар
Украинада өткен аптадан бері 351 бейбіт тұрғын көз жұмды – БҰҰ
Мамандар көрсеткіш бұдан әлдеқайда артық болуы мүмкін екенін айтады
Фото ашық дереккөзден
Украинада өткен аптадан бері 351 бейбіт тұрғын көз жұмды. 707-сі жарақат алды. Бұл туралы БҰҰ-ның дайындаған есебінен белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дегенмен, мамандар көрсеткіш бұдан әлдеқайда артық болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені кейбір өңірлерден мәлімет кешігіп жетеді.
БҰҰ-ның дерегі бойынша, Украинада бір миллион 200 мың адам жан-жаққа босып кеткен. Көбін көршілес Польша қабылдаған. Сарапшылар алдағы күндері Украинадан қоныс аударғандар саны 4 миллионға дейін жетеді деп болжайды. Себебі көп адам кескілескен ұрыс жүріп жатқан аймақтан шығып кетуге асық. Бірақ жерде тысқа шығудың өзі мұң болып тұр.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті