$ 515.03  584.82  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰҚК Жамбыл облысында жоғалып кеткен сарбазға іздеу салды

Осы факт бойынша тергеу және қызметтік тексеру жүріп жатыр

ҰҚК Жамбыл облысында жоғалып кеткен сарбазға іздеу салды
Фото ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2 наурыздан бері із-түзсіз кеткен сарбазға іздеу салды. Бұл туралы ҰҚК шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеп жатыр. Іздеуге Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаменті мен полиция департаментінің күш-құралдары жұмылдырылған. Осы факт бойынша тергеу және қызметтік тексеру жүріп жатыр.

 Ұ. Бердишевке қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефон нөмірлеріне хабарласқаны абзал: 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (шекара қызметінің сенім телефоны).


 

 

Серіктес жаңалықтары