02.03.2022, 15:11
Жаңалықтар
Елордада қоқыс шығаруға арналған жеңілдіктер кімге беріледі
Жеңілдіктер көлемі 2019 жылы қабылданған
Фото ашық дереккөзден
Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы тарифті есептеу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға қандай жеңілдіктер берілетінін еске салды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне сәйкес жеке тұлғалар үшін тариф есептеу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға жеңілдіктер қарастырылған:
- 100% — Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;
- 50% — Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, көпбалалы аналар, I топтағы мүгедектер;
- 25% – II топтағы мүгедектер мен жасына байланысты зейнеткерлер.
«Есеп айырысулар тиісті өтініш берілген және растайтын құжаттар ұсынылған сәттен бастап жүргізіледі.
Жеңілдіктерді қолдану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, А.Бараев көшесі, 23 мекенжайындағы «Clean City NC» ЖШС қоқыс шығарушы компаниясына жүгіну қажет. Анықтама телефоны: 87076133333», - делінген әкімдік хабарламасында.
Көп оқылған
31.03.2026, 10:25
«Бәріміз үшін осы дұрыс»: Жұлдыз Сүлейменова 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады
31.03.2026, 07:20
Шымкентте дәріхана жанындағы кабинеттерде 4 адам қайтыс болды
31.03.2026, 14:58
Тәттіге құмар: Өскеменде ер адам дүкеннен 80 қорап «Merci» шоколадын ұрлаған (ВИДЕО)
31.03.2026, 12:16
Қазақ ғалымы ойлап тапқан ракқа қарсы дәрінің бағасы қанша болады – министр жауап берді