02.03.2022, 13:41
Жаңалықтар
Президенттің Алматыдағы резиденциясы сүрілетін болды
Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады
Фото: tengrinews.kz
Президенттің Алматыдағы резиденциясы сүрілетін болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Резиденцияның орнына қандай нысан салынатыны да белгілі болып отыр.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады”,- деп жазды Берік Уәли.
Естеріңізге сала кетейік, қаралы қаңтар кезінде Алматыда ең көп бүлінген ғимараттардың бірі осы президент резиденциясы еді.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті