$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қосшыда демалыс орны отқа оранды

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Қосшыда демалыс орны отқа оранды
Фото: inform.kz

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы «Чистые пруды» демалыс аймағында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір оқиға орнында Целиноград ауданының өрт сөндірушілері қызыл жалынмен күресіп жатыр.

«Бүгін, сағат 13-23-те «Чистые пруды» демалыс аймағының аумағында ағаш моншаның шатыры өртенді. Өрт сөндірушілер дәл қазіргі уақытта өртті сөндіруде. Өрттің шығу себебі мен жалпы ауданы анықталуда. Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өрт орнында ТЖД күштері төрт қызметкер және 1 бірлік техника, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бес қызметкері және 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдар екі қызметкер және 1 бірлік техника жұмыс істеуде», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары