$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ФИФА мен УЕФА салған санкция: Ресей әлемдік додаларға қатыстырылмайды

ФИФА мен УЕФА аясындағы халықаралық турнирлерден шеттету туралы шешім қабылданды

ФИФА мен УЕФА салған санкция: Ресей әлемдік додаларға қатыстырылмайды
Фото ашық дереккөзден

ФИФА мен УЕФА Ресейдің ұлттық құрамасы мен футбол командаларын әлемдік додаларға қатыстырмау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осылайша Ресей құрамасы биыл Катар елінде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне де, доданың өзіне де қатыспайтын болды.

«Ресейдің ұлттық құрамасын ғана емес футбол клубтарын да ФИФА мен УЕФА аясындағы халықаралық турнирлерден шеттету туралы шешім қабылданды.

Футбол Украинада зардап шеккендермен бірге. Осы спорттың айналасында қызмет етіп жүргендер Украинадағы жағдай қысқа уақытта жақсарады деп үміттенеді», - делінген қос ұйымның біріккен хабарламасында.

Айта кетейік, ФИФА бастапқыда Ресей құрамасын «РФС құрамасы» деген атаумен, сондай-ақ өз туынсыз және әнұранысыз қатысуға рұқсат берген. Алайда бұл шешімді футбол қауымдастықтары қолдаған жоқ. Осыған байланысты ФИФА өз шешімін қайта өзгертті.

Бұған дейін 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ресей құрамасына қарсы кездесуден Польша, Чехия, Албания, Ирландия, Швейцария және Англия елдері бас тартқан болатын. Ресей құрамасы іріктеу кезеңінің жартылай финалында Польшамен кездесіп, жеңіске жеткен ұжым Швеция мен Чехия арасындағы үздікпен күш сынасуы керек болатын.

Серіктес жаңалықтары