Павлодарда кәсіпорын басшылығынан 52 млн теңгеден астам ақша бопсалаған күдікті ұсталды
Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды
Павлодарда кәсіпорын басшылығынан 52 млн теңгеден астам ақша бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда Павлодар қаласында арнайы іс-шаралар барысында полицейлер бопсалау күдігі бойынша 40 жастағы қала тұрғынын ұстаған.
"Ер адам 2020 жылдың сәуір - қыркүйек айлары аралығында Павлодардағы ЖШС бірінің бас директоры мен директорынан 52 млн 080 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат бопсалаған деп күдіктелуде", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.