$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер көбейеді

Рейстер әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады 

Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер көбейеді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер көбейеді, деп хабарлады ИИДМ Азаматтық авиация комитеті. 

Рейстер А320 типті әуе кемесінде дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

"Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2022 жылғы 8 наурыздан бастап катарлық "Qatar Airways" әуе компаниясы Доха - Алматы - Доха бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін және 2022 жылғы 19 наурыздан аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр", – делінген хабарламада. 

Осы бағыт бойынша рейстердің ұлғаюы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен елдер арасындағы іскерлік әріптестікті дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары