Украиналық босқындар саны 7 миллионнан асуы мүмкін

Azattyq Rýhy

Мұндай болжамды Еурокомиссия жасады 

Украиналық босқындар саны 7 миллионнан асуы мүмкін

Украиналық босқындардың саны 7 миллионнан асуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазірдің өзінде Еуроодақ мемлекеттеріне кемі 300 мың Украина азаматы келген. Солардың аз бөлігі ғана баспана алуға немесе халықаралық қорғауға алу жөнінде өтініш берген. Енді одаққа мүше 27 елдің барлығында босқындарды қабылдаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр. Яғни оларға баспана беру процедурасы бюрократиялық кедергісіз өтеді. Ал Еурокомиссия пана сұрап келген Украина азаматтарына гуманитарлық көмек көрсету үшін 90 миллион еуро бөлінетінін жеткізді. 

"Біз мұнда Киевтен келдік. Алдымен Польша шекарасын аспақ болдық. Қызым және күйеу баламмен бірге бірнеше күн бойы кезекте тұрып, өте алмай, ақыр соңында Румынияға жеттік. Жол бойы жылап келдік. Біз секілді адамдар өте көп", – деді Украинадан келген босқын Алекс Кристян.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.