Елордада қысқы триатлоннан жарыс өтіп жатыр
Триатлоннан жарысқа 150 адам қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында қысқы триатлоннан сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Триатлон жарысы 3 кезеңнен тұрады. Бірінші 2,5 шақырымға жүгіру, екінші велосипед жарысы және шаңғы тебу. Сайысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар да қатысып жатыр. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне келсек, 18 жастан бастап жоғары қарай шектеу жоқ. Спорттық шара Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасы мен қалалық триатлон қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, триатлоннан жарысқа 150 адам қатысып жатыр. Және жеңімпаздарды медаль мен естелік сыйлықтар күтіп тұр.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырма берді. Бүгінгі шара сол мақсатта өтіп жатыр. Оның үстіне бүгін ауа райы да жылы болып тұр. Астаналықтар бір жағынан спортпен шұғылданса, екінші жағынан демалысты тиімді өткізіп жатыр деуге болады. Қатысамын деушілерге есік ашық. Министрлік тарапынан бұндай спорттық шараларға тек қолдау білдіреміз. Бұқаралық спортты дамытуымыз керек. Біз қазақстандықтардың салауатты өмір салтын ұстанғанын қалаймыз», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев шараның ашылу салтанатында.