КВИ таралуы бойынша екі өңір ғана «сары» аймақта қалды
«Қызыл» аймақта еліміздің бірде-бір өңірі қалған жоқ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 26 ақпанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «сары» аймақта екі өңір ғана қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матрица бойынша:
«Қызыл» аймақта: бірде-бір өңір қалған жоқ;
«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы;
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 455 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 1 265 248 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 9 адам көз жұмды.