$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақша жинады деп айыпталған бас жаттықтырушы Елена Круглыхинаға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр

Шешім тексеріс қорытындысына қарай қабылданады

Ақша жинады деп айыпталған бас жаттықтырушы Елена Круглыхинаға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Еліміздің фристайл-могулдан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Елена Круглыхинаға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір фристайл-могулдан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Елена Круглыхинаға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Соның қорытындысына қарай шешім қабылданады. Қосымша хабарлаймыз», - деді Дәурен Абаев Щучинскіде өткен XXIV қысқы олимпиада ойындарының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыста.

Сондай-ақ, ол министрліктің кәсіби спортшыларға қатысты ұстанымын айтты.

«Спортшыны салаға қайтып алып келу мәселесімен министрлік айналыспауы тиіс. Шешімді спортшының өзі немесе жаттықтырушысы қабылдайды. Бұл жерде министрдің шешімі емес, спортшының нәтижесі мен көрсеткіші маңызды», - дейді ол.

Еске сала кетсек, өткен жылы фристайл-могулдан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Елена Круглыхина мен спортшы Александр Геберттің арасында дау туындады. Айтуынша, бас жаттықтырушы спортшыға тіл тигізіп және заңсыз ақша жинаған.

Елена Круглыхина өз кезегінде айыпты жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары